ЛГБТ насихаттауға қарсы петиция қоғамда қызу талқыға түскен тақырып. Өткен аптаның соңында осы петицияға қатысты қоғамдық талқылаудың соңғы отырысы өткенін білеміз. Әр тарап өз ұстанымын білдіріп, тақырып талқыға түскені жайлы ақпараттан хабардармыз.
Бұл петицияға қатысты ҚР Мәдениет және ақпарат министрі Аида Балаева өкілетті органның петицияға қатысты ұстанымын білдіріп, аталмыш тақырып әлі де егжей-тегжейлі зерттелуі тиіс екенін атады.
Айта кетейік, ҚР Мәдениет және ақпарат министрі Аида Балаева жасөспірімдер мен балаларды жыныстық қатынастарды насихаттау мен культ қылудан қорғау тұрғысынан петицияны ішінара мақұлдау туралы шешім қабылданғанын атады. Бастысы, балалар аудиториясына сексуалды контент таратуға шектеулер енгізу қажеттілігі қарастырылып жақтанын жеткізді. Ал ең басты міндет – келшек ұрпаққа ақпараттық қауіпсіздікті қамтамасыз ету екенін де атап өтті.
«Қазақстан Медиа Альянсы» қоғамдық бірлесітігінің мүшелері осы тақырыпқа қатысты ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінің қабылдаған шешімін қолдайды. Өйткені, жас ұрпаққа ақпараттық қауіпсіз ортаны қалыптастыру ақпарат саласы мен қоғамның басты міндет-парызы.