Общественное объединение «Казахстанский Медиа Альянс»
«Қазақстан Медиа Альянсы» жаңалықтары

Еуропалық Одақ: Қазақстандағы сөз бостандығын қолдаймыз

USAID төңірегіндегі қазіргі пікірталастарға қарамастан, Еуропалық Одақ Қазақстандағы сөз бостандығын белсенді түрде қолдауды жалғастыра бермек. Бұл туралы ЕО-ның Қазақстандағы елшісінің орынбасары Мачей Мадалински мәлімдеді.
Ол әлемдік бұқаралық ақпарат құралдары соңғы уақытта айтарлықтай өзгерістерге ұшырағанын және Қазақстан да бұл процестерден шет қалмайтынын атап өтті. Мадалинскидің айтуынша, төртінші билік өкілдері ақпараттың фактчекингке, сондай-ақ жаңа технологиялар мен жасанды интеллектті журналистикаға енгізуге ерекше назар аударуда.
«Біз бұл жұмысты жалғастырамыз және ештеңе өзгермейді деп үміттенеміз. Әрине, серіктестермен жұмысты одан да тиімді ету жолдарын іздеуіміз керек, және де біз бұл бағытта Қазақстанда да, басқа елдерде де жұмыс жасап жатырмыз», -деп атап өтті ЕО-ның Қазақстандағы елшісінің орынбасары Мачей Мадалински.
«Біздің кеңсе мемлекеттік органдармен, БАҚ өкілдерімен және азаматтық қоғаммен тығыз ынтымақтастық орнатқан. Тәуелсіз журналистикаға қолайлы жағдай жасау, медиа сауаттылықты арттыру бағытында бірлесіп жұмыс жасауда», - деді ЕҚЫҰ-ның Астанадағы Бағдарламалар офисінің басшысы Фолькер Фробат.
Десе де, соңғы 20 жыл ішінде Қазақстан сөз бостандығы рейтингінде 112-орыннан 142-ші орынға төмендеді. Бұл туралы құқықтық медиа орталығы ұйымдастырған конференция барысында айтылды. Кездесу қатысушылары үкіметтің жарияланымдарды бақылауға емес, осы саладағы мамандардың кәсіби деңгейін арттыруға көңіл бөледі деп үміттенетіндерін білдірді.